"Ықылас" сүресіндегі ғаламат
"Ықылас" сүресіндегі ғаламат

Сүреде барлығы 13 араб әрпі кездеседі. Оларды Y-осінде кездесу реттілігі бойынша жоғарыдан төмен орналастырайық. Әр әріптің кездесу жиілігі әр түрлі. Оларды X-осінде жазып қояйық. Бас осьтің әдеттегідей сол жақ емес, оң жақ бұрышта орналасу себебі - араб тілінде мәтін оңнан солға қарай жазылады. Енді әр әріп мен оның сүреде кездесу жиілігі түйісетін жерде нүкте қойып шығамыз. Сосын пайда болған нүктелерді сызықтармен өзара қосамыз. Нәтижесінде араб тілінде "Аллаһ" деген жазудың шыққанын көреміз. 

Бұл тәжірибені алғаш жасап көрген түрік студенті болатын, есімін ұмытып тұрмын. Өз басым бұл тәжірибені қайталап көргенімде, таң қалдым. Шынында да керемет үйлесім, керемет дәлдік!

"Ықылас" сүресі қысқа болғанына қарамастан, Алланың бар екеніне, бір екеніне шақыратын тауxидтің орталық сүресі болып табылады. 
Құдіретті Алла осылайша өзінің ұлықтығын, Құранның ұлы мұғжиза екендігін бізге паш еткендей.

Данияр Жігітбек

Ықылас сүресі

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 жыл бұрын 5309
5 пікір
  • Керемет қандай! Құранның бүкіл құпиясы ашылса, ғылым әлемі жаңалықтың астында қалар еді ғой, шіркін!)
    8 жыл бұрын
  • Аллаһу Әкбар! Шынында да өте қызықты, әрі әсерлі тәжірибе екен. Раббымыздың сансыз құдіреттерінің тағы біреуіне куә болдық.
    8 жыл бұрын
  • Бала күнімде "Математические секреты Корана" деген жұқалтаң кітап көрген едім (кітаптың атауын есімде қалған жобасы бойынша нобайлап жаздым). Өкініштісі, кітапты одан кейін кездестірмеппін. Бұл кітап жөнінде білсеңіздер жазарсыздар, ағайын. Данияр бауырымыздың жазбасындағыдай дүниелер бар болар сол кітапта.
    8 жыл бұрын
    • Біздің студенттер осы тақырыпта ашық сабақ өткізген болатын. Бірақ олар интернеттен алған еді бар материалдарды.
      8 жыл бұрын
Блог туралы