Тағы да Құран оқудың әсері жайлы
Тағы да Құран оқудың әсері жайлы

Құран оқудың оң әсерлерімен бөлісе отырсам...

Ең бастысы жүректе тыныштық. Жалпы адамның жүрегі бір нәрсемен толып тұруы керек сияқты. Біреулер музыкамен толтырады, біреулер ғашықтық хикаяларымен, біреулер достарымен әңгімелеседі, т.б. жақсы да жаман нәрселермен толтыруға болады. Ал Құран оқып, жаттап жүрсе, жүрек Құранға толатын сияқты. Құранды жүрекке шипа дейді ғой. Кейбір аяттарды оқығанда шынында да емделіп жатқаныңды сезінеді екенсің.

Құранды жиі оқып жүргенде, өзіңді шынайы мұсылман сезінеді екенсің. Екіжүзділіктен алыстағаныңды байқайсың.

"Әуелі Құран оқуды үйрен, қалғанын Құран үйретеді" деген рас екен. Көп Құран оқу жүректі жұмсартады. Жүрек дұрыс жұмыс істеген соң, басқа мүшелерің де сау. Жүрек жұмсарса, мінез де жөнделетін сияқты. Күнәға сезімтал боласың. Сауапты іске талпынасың. 

Құранды күнделікті оқу сені имандылық атмосферасында ұстап тұрады. Бейне бір қорған сияқты.

Құранға уақыт бөлсең, Алла әдетте Құран оқудан тосатын дүниелік істеріңді шешіп қояды екен. Дұға жасауға кететін уақытыңда Құран оқысаң, сол дұғаңда сұрайтын нәрсеңнен де артық нәрсені нәсіп етіп қояды Алла.

Сен Құранды ашқанда, сенің жүрегің ашылады. Жүрегі ашық адам дейміз ғой. Яғни, шынайы ықыласты адам. Құран оқу адамға осы ұлы қасиетті дарытады. Сөйлеген сөзің шынайы, уағызың әсерлі, сөзің өтімді болуы осы қасиеттен деп ойлаймын.

Бүгінгі ойым осымен тәмам.

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 жыл бұрын 4860
2 пікір
  • "Жүрек бір нәрсемен толып тұру керек" деген ойыңыз қатты ұнады. Расымен де мүмін адам жүрегін тек Құранмен толтыру керек қой!
    8 жыл бұрын
  • Сіздің әр жазбаңызды тамаша таңданыспен оқимын. Алла разы болсын сізге.
    8 жыл бұрын
Блог туралы