Мейірім тұнып тұрған бар мінезің,Елжіреткен тасжүрек жанның өзін.Айт күні, Пайғамбарым,ЖалғызсырапОтырған бір жетімді шалды көзің.Арабтардың айт күнгі салты бар-тын,Балаларға жасайтын тартуды әркім:Түйеге отырғызып, ойнатушы ед,Сақталатын жадында жарқын әр күн.Ойнатпады, бірақ, бұл жетімді ешкім,Бұл қайғы өзекті өртеп, өкінбес кім?Көңілін ауламақ боп, жақындадың,Өзің де жетімдіктің өтінде өстің...- Балақай, мұң түскендей қабағыңа,Неге жас үйірілді жанарыңа?!- Әкем болса, түйеге мінгізер ед,Жоғалттым пана болар ананы да.- Қаласаң, анаң - Айша, әкең мен бопЖүрейін,...