Темекіні тастасаң, 9 жанұяны тамақтандырасың
Өткен жылдың соңында «Шұғыла» қайырымдылық қорының «Береке» бағдарламасы аясында Алматы облысындағы шалғай ауылдардың біріне бір топ жігіт ерікті ретінде барғанбыз. Міндетіміз күнделікті қажетті азық-түлік салынған қораптарды бізге берілген тізім бойынша жағдайы төмен отбасыларға үлестіру болатын. Барлығы тоғыз үйді араладық. Ішінде күріш, жарма, қант, шай, өсімдік майы, т.б. салынған қораптарды үй иелеріне ұсындық. Мұқтаж жандардың мұндай көмекке қалай қуанғандарын көрсеңіздер ғой. Кішкентай балалар да мәз-мейрам. Біреуге көмегің тигенін сезіну үлкен бақыт екен....