Мен Құранмен қалай «достастым»?
Шыны керек бұрын өзімді қинап Құран оқитынмын. Әсерленбейтінмін. Құран менен алыс, дәлірек айтсам, мен Құраннан алыс болатынмын. Бірақ 3-4 жылдан бері әр Рамазанда Құранды хатым етіп келемін. Сонымен менің Қасиетті Кітаппен достығым шектелетін. Құранға жақын болмағандықтан, Алламен де байланысым сондай мықты болмады. Құран оқығанда бойымды жалқаулықтың дендеп алуы, зауқымның соқпауы жүрегімнің ластығынан деп ұқтым. Бірақ осы жылы рухани өмірімде төңкеріс болды. Рамазан айында бір ғалымның Құран жайлы уағызын тыңдадым. Ол кісі қарапайым ғана кеңес берген еді: күніге бір пара түпнұсқа + жарты...